Аппарат жарғысы

                                                                 Оңтүстік Казахстан облыстық

                                                       мәслихаттың  №8/102-II

      27 наурыз 2001жылғы шешімімен

                                                                                          БЕКІТІЛДІ

 

«Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

1.Жалпы ережесі.

1.1«Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» коммерция емес ұйым болып табылатын, заңды тұлға статусы бар, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен оның органдарына ұйымдастыру, құқықтық, материалдық-техникалық және басқа да қажеттерін, депутаттардың өкілеттілігін іске асыруға көмектесетін ұйымдық-құқықтық формадағы мемлекеттік мекеме.

1.2. Мемлекеттік мекеме облыстық мәслихаттың №8/-11  2001 жылғы наурыздағы шешімімен құрылды.

1.3. Мемлекет атынан мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы, мемлекеттік мекеме құру туралы шешім қабылдаған, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншіктік субьектік құқылық міндеттерін орындайтын /әрі қарай-уәкілдік орган/ -Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты болып табылады.

1.4. Мемлекеттік мекеменің толық аты «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты».

1.5. Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы; Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 6.

  1. Мемлекеттік мекеменің құқықтық статусы.

2.1. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен бойда заңды тұлға құқығына ие болады.

2.2. Мемлекеттік мекеменің заңға сәйкес өз алдына балансы, бланкіде есеп-шоты, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауымен жақылған бланкісі, мөрі және штампысы болады.

2.3. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра және құрылтайшы бола алмайды.

2.4. Мемлекеттік мекеме өз иелігіндегі ақша қаражаттарына міндеттемелері бойынша жауап береді.

2.5. Мемлекеттік мекемелер тарапынан жасалатын азаматтық құқықтық келісімдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілеген тәртібі негізінде тіркеуге жатады.

Мемлекеттік мекемелердің келісім шарттар бойынша жауапкершілігі заңға сәйкес, сол мекемеге бекітіліп берілген смета көлемінде ғана болуы тиісті.

Мемлекеттік мекемелердің келісім шарттар бойынша жауапкершілігі заңға сәйкес, сол мекемеге бекітіліп берілген смета көлемінде ғана болуы тиісті.

  1. Мемлекеттік мекеменің мақсаты мен қызметінің түрлері.

3.1. Мемлекеттік мекеменің мақсаты Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен оның органдарының ұйымдастыру, құқықтық, материалдық-техникалық және басқада қажеттерін, депутаттардың өкілеттігін іске асыруға жәрдем беру болып табылады.

3.2. Мемлекеттік мекемені құру мақсатына сай келмейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

  1. Мемлекеттік мекемені басқару.

4.1. Мемлекеттік мекемеге жалпы басшылықты-уәкілетті орган жүргізеді.

4.2. Уәкілетті орган бекітілген заң мен белгіленген тәртіпке төмендегідей міндеттерді атқарады:

4.2.1. Заңдардың талаптарына сай мемлекеттік мекеменің құрылымын бекітеді.

4.2.2. Заңдарда белгіленген  адам саны мен қаражат лимиті шегінде мемлекеттік мекемені ұстаудың шығынын айқындайды.

4.2.3. Заңдардың талаптарына сай мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, жарғыға өзгертулермен  толықтырулар енгізеді.

4.2.4. Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

4.2.5. Бекітілген заңға сай, басқада міндеттерді іске асырады.

4.3. Заңға сәйкес мемлекеттік мекемені басқару қызметі  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару туралы» Заңына сай, өкілеттік органмен тағайындалатын және босатылатын Оңтүстік Қазақстан облыстық хатшысына жүктеледі.

4.4. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және мемлекеттік мекемеге жүктелген есебі мен міндеттердің орындалуына тікелей жауапты болады.

4.5. Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңдары мен осы жарғыны басшылыққа ала отырып, жеке басшылық принциптерін негізге алып, мекеме алдында қойылған міндеттерді белгіленген құзырына қарай өзбетінше шешеді.

4.6. Мемлекеттік мекеме басшысы мекеме алдындағы міндеттерді орындауда, белгіленген заңмен белгіленген тәртіпте:

4.6.1.Мемлекет атынан сенімхатсыз-ақ іс-әрекеттерін жүргізе береді.

4.6.2. Мемлекеттік мекеменің  мүддесін кез-келген ұйымдар алдында қоя алады.

4.6.3.Заңмен белгіленген жағдайда және шегінде мүліктеріне өкімдік жасайды.

4.6.4. Келісім шарта тұрады.

4.6.5. Сенімхат береді.

4.6.6. Банк шотын ашады.

4.6.7. Барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар және нұсқаулар шығарады.

4.6.9. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады.

4.6.10. Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне міндеттері мен тиісті өкілдіктерін белгілеп береді.

4.6.11. Белгіленген заңдылықтарға жарғы мен уәкілдік органдар талаптарына сай, басқада міндеттерді іске асырады.

5.Мемлекеттік мекеменің мүліктері мен қаржылық қызметтерін жүргізу тәртібі.

5.1. Мемлекеттік мекеменің мүліктері мемлекет тарапынан берілген мүліктерден құрылып,  мүліктердің құны мемлекеттік  мекеменің балансына есепке алынатын негізгі қордан, сондай-ақ басқа мүліктен енеді.

5.2. Мемлекеттік мекеменің мүліктері оралымды басқару құқығына пайдаланылып, облыстық коммуналдық меншігіне жатады.

5.3. Мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметі тек қана облыстық бюджеттің есебінен жүргізіледі.

5.4. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізіп, заң талаптарына сай есеп беріп отырады.

5.5. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық тексеру қызметі заңмен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік мекемені қайта құру мен тарқату.

6.1. Мемлекеттік мекемені қайта құру мен тарқату, тарқату кезінде мүліктерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Заңдарының талаптарына сай жүргізіледі.

  1. Бөлімшелер және өкілдіктер.

7.1. Мемлекеттік мекеменің бөлімшелері және өкілдіктері болмайды.